Accessibility links

Польшадағы Аушвиц өлім лагерінің азат етілгендігінің 60 жылдығына орай еске алу шаралары басталды


2-дүние соғысы кезінде нацис-фашистер ол лагерде 1 млннан астам соғыс тұтқынын түрлі тәсілмен қыйнап өлтірген болатын. Ал олардың басым көпшілігі еурейлер еді. Бүгінгі Краков форумы дем алыстағы майор Анатолий Шапироның бейне таспа арқылы АҚШтан жіберілген сөзімен басталды. Кезінде советтік әскери қолбасшы болған Шапиро өз әскерлерімен, Освенцим лагеріне 1945-жылы қаңтардың 27сінде басып кіріп, өлімнен қалған тұтқындарды азат еткен болатын. Шапира қазіргі кезде АҚШта өмір сүреді. Түс қайта Краковқа келген бір қатар әлем елдері басшылар Освенцим лагеріне барып еске алу рәсіміне қатысты. Ресей президенті соғыс кезіндегі ол Холокостан сабақ алуға шақырды. - Антисемитизм мен кісі жекөрушілік жойылмай отыр. Себебі біз натижелі жұмыс істеп отырған жоқпыз, тіптен фашизммен күресте, еурейлерді қорғап қалуда көп жұмыс атқарған Ресейдің өзінде біз антисемитизм мен кісі жеккөрушілік індетінен құтыла алмай келеміз. Ол үшін мен ұяламын, - деді прези Путин. Краковка келген ресмилер арасында Польша президенті Квасниевскиймен бірге Израиль президенті Моше Кацев, Германия президенті Хорст Келер, Ресей елбасы Путин, АҚШ вице президенті Чейни, Франция президенті Жақ Шырақ және Украинадан жаңадан таққа отырған ел жетешісі В. Ющенко бар.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG