Accessibility links

Ирақтың солтүстігіндегі Киркукте бүгін қарулы топ сайлау үшін дауыс беруге әзірленген 3 мектепке және полиция бекетіне шабуыл жасады


Сондай-ақ, Бағдадтағы Австралия әскери күзеті маңайында жанкештінің көлік бомбысы жарылып, 6 сарбаз жарақат алған. Бұл арада АҚШ президенті Буш бүлікшілердің қарсылығына қарамай, сайлауда дауыс беруге шақырды. - Ирақтағы лаңкестер демократияға қарсы күрес ашып отыр. Бұл - Ирақ халқына қарсы соғыс деген сөз. Дегенмен, сайлау бәрібір өтеді Миллиондаған ирақ азаматы өздерінің батылдығын, елге деген сүйіспеншілігін, азаттыққа деген қалауын көрсетеді деп сенемін, - деді АҚШ президенті Буш. Президент өзінің бұл сөзін кеше сәрсенбіде Ирақтың батысында АҚШтың әскери тікұшағы құлап, 31 американдық сарбаз қаза тапқаннан соң айтқан.
XS
SM
MD
LG