Accessibility links

Шет елдерде 14 мемлкетте өмір сүретін ирақ азаматтары арнайы ұйымдастырылған сайлау бекеттерінде дауыс бере бастады


Жалпы шет елдердегі 280 мыңдай ирақ азаматы сайлауға тіркелген. Бір ғана Берлинде алғашқы сағатта 80 ирақтық дауыс берген. Сондай-ақ Лондон, Техрон, Анқара, Амман және өзге ондаған қалаларда сайлаушы азаматтар белсенділік байқатуда. Жексенбі күнгі сайлау қарсаңында қылмыстық шабуылдар жалғасып бүгін жұмада Бағдадтың оңтүстігінде көлік бомбысы жарылып 4 адам қаза тапты. Ал кеше бейсенбіде болған зымыран, жанкештілік бомбы шабуылдарында кемінде 20 кісі мерт болған.
XS
SM
MD
LG