Accessibility links

Ирақтағы сайлаулар барысына орай БҰҰ-ның өкілдері қанағаттанған сезімдерін білдіріп отыр


Ирақ азаматтары жарты ғасырдан бері алғаш рет елдегі еркін сайлауларға қатысып отыр. Ел бойынша сайлаушылардың науқанға қатысу белсенділігі түс кезінде 72 пайызды құраған еді. Сайлау комиссиясы өкілінің айтуынша 14 миллиондай ирақтықтар дауыс беруге тіркелген екен.

“Мен сіздерге тәуелсіз сайлау комиссиясынан бүгін алынған хабарға сүйене отырып, проценттік мәліметтерді беріп отырмын”, деді сайлау комиссиясы өкілі Адел Ал-Лами мырза.

Шиилер тұратын аймақтарда сайлауға қатысу көрсеткіші 90 пайызға жеткен екен. Сайлау бекеттерінің 99 пайызы өз жұмысын таң ертең бастап кеткен. Түрлі шабуылдардан бүгін кем дегенде 27 адам қаза болған. Елбасы Ғази әл-Явер мырза:

“Өз жүрек түкпірімде Ирақ халқының еркін сайлауларға лайық екендігін сезінемін. Еркін әлемге қосылып, демократиялық ел болу жолындағы бұл- алғашқы қадам болмақшы”,-деді елбасы.

Шабуылдарға қарамастан солтүстіктегі күрттер, сондай-ақ шии мұсылмандары мен сүнні және шиилер көршілес тұратын Бағдат және Басра қалаларында дауыс беру едәуір жақсы жүруде. Ал, Фаллужа, Рамади және Самарра сияқты сүннілер басым тұратын қалаларда дауыс беру тым баяу өтуде.
XS
SM
MD
LG