Accessibility links

Ирақ халқы Ұлттық жиналыстың 275 депутаты мен өлкелік 18 маслихатты сайлады


Ирақ үкіметі мен АҚШ Ирақтағы ұлттық сайлауда жеңіске жеткенін жариялап отыр. Ирақтың тәуелсіз сайлау комиссиясының хабарлауынша, бастапқы баға бойынша, кеше 8 млн.-ға жуық халық немесе тіркелген барлық сайлаушының 60 пайызға жуығы дауыс беріп, Ұлттық жиналыстың 275 депутаты мен өлкелік 18 маслихатты сайлады. Сайлаудың бастапқы қорытындысы таяу күндері жарияланбақшы, ал ақырғы нәтижесін шығаруға 10 күндей уақыт керек. Елдегі экстремистер мен жанпидашыл лаңкестердің әсіресе Бағдадтағы дауыс беру учаскелеріне талай шабуыл ұйымдастырып, 40-тан аса адамды өлтіруіне қарамастан, халық сайлауға белсенді қатысты. ... АҚШ президенті Дж.Буш Ирақтағы сайлауды Америка халқы атынан құттықтап, оны Ирақ халқының “тарихи жетістігі” деп жоғары бағалады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG