Accessibility links

Украина мен Еуропа одағының тығыз байланыстары сауалдарын осы ұйымның Сыртқы істер министрлері бүгін ақылдасуда


Брюссельде болып жатқан бұл басқосуда ұйымға мүше 25 ел министрлері бірнеше шараларды мақұлдамақшы. Бұл шаралар өз кезегінде Украинаның экономикалық, демократиялық реформаларына көмектесу мақсатында ол елмен сауда және басқа салалар бойынша әріптестікті жақсартуды қамтымақшы. Сондай-ақ Украинаның Әлемдік Сауда ұйымына мүшелікке өтуіне жәрдемдесу тұрғысында елдің нарықтық-экономикалық мәртебесін қорғауға көмектесу де осы шараларда көрсетілген. Сондай-ақ украиналықтардың Еуропа одағына мүше елдерге визасын жеңілдету де қарастырылмақшы.
XS
SM
MD
LG