Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Әзірбайжан басшылығымен келіссөз өткізу үшін Бакуге келмекші. Ресей сыртқы істер министрлігінің өкілі А.Яковенконың хабарлауынша, Мәскеу мен Баку терроримзге қарсы күрес мәселелерін талдауға тиіс және екі жақ та бұл мәселеге байланысты ортақ көзқарас ұстанады. А.Яковенконың атап көрсетуінше, екі жақ Әзірбайжан мен Армения арасында жанжал туғызған Таулы Қарабақ проблемасын да қозғайды. Ресей Баку мен Ереван арасындағы диалогтың жалғасуын қолдайды деп хабарлайды А.Яковенко.
Ресей сыртқы істер министрі Әзірбайжан басшылығымен Таулы Қарабақ проблемасын талдау үшін Бакуге келеді
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Шығыс Қазақстан облысы
Кеніш үстіндегі Зайсан ауданының ауылдары неге газбен қамтылмай қалды?