Accessibility links

Израильдің қорғаныс министрі мен Палестинаның бұрынғы қауіпсіздік министрі өзара келіссөз өткізді


Тель-Авив іргесінде Израильдің қорғаныс министрі Шауль Мофаз бен Палестина автономиясының бұрынғы қауіпсіздік министрі Мухаммад Даһланның өзара келіссөзінің нендей нәтижемен аяқталғаны жайында ешқандай дерек жоқ. Бұл келіссөз Палестина жасақтарының Газа аймағындағы еврей қонысын минаатқыштармен және зымырандармен нысанаға алуын және палестиндік босқындардың Рафаһ лагеріндегі 10 жастағы палестиндік қыз-баланың оққа ұшуын іле-шала орын алып отыр. Палестина жағының атқылауынан ешқандай зиян келмеген, ал Израиль армиясы еврей жауынгрелреінің бірі де 10 жасар қызға оқ атпағанын мәлімдейді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG