Accessibility links

Иран ядролық отынды Ресейге қайтаруға ниет танытты


Иранның Ресейдегі елшісі Ғоламреза Шафеи қолымыздағы ядролық отынды Ресейге қайтаруға, бұл жайында келісім жасауға дайынбыз деп айтты. Ресей және кейбір батыс елдері Иран ядролық отынды сақтап отырса одан ядролық қару жасауы мүмкін деп алаңдайды. Иран елшесі елімізге осы айдың соңында Ресей атом энергетика комитетінің бастығы Александр Румянцев келеді, келісімге сол уақытта қол қоюымыз ммүкін деді. Ресей ресми өкілдері Бушерде салынып жатқан Иран ядролық энергетика станциясы осы жылдың соңында іске қосылуы мүмкін, келесі жылы электрқуатын тұтынушыларға беруі мүмкін деп айтқан болатын. Ал Иран атом энергетика бағдарламасының бастығы бүгін Брюссельде Еуропа Одағының бас пәтіренде келіссөз бастады. Еуропа үкіметтері Иран уран байыту қызметін тоқтатсын деп талап қойып келеді.
XS
SM
MD
LG