Accessibility links

Ирақ президенті барлық тараптарды келісімге шақырды


Ирақ президенті Ғази Әл Яуар елде аласапыран мен билік орнықпай тұрған кезде шетел әскерлеріне кетіңдер деп айту орынсыз деп мәлімдеді бүгін. Бағдадта бүгін сайлау бюллетендерін біржолата санау басталды. Жексенбі күні өткен сайлаудағы бюллетендер мен қортындылар жер-жерден ел астанасына жөнелтілген. Ирақ президенті шабуылдарға қатыспаған барлық тараптардың ортақ жұмысқа қосылу мүмкіндігі бар, жаңа үкімет және жаңа конституция жайындағы келіссөздерге қатысыңыздар деп шақырды. Сайлауға бойкот жариялап, алдымен шетелдік әскерлердің кеткені жөн деп білетін суннитердің бас ұйымы – Ислам партиясының да ортақ жұмысқа қатысуға мүмкіншілігі бар деп айтылды. Ирақ президенті Ғази Әл Яуар елде қауіпсіздік орнағанша АҚШ-тың және басқа елдердің 170 мың әскері Ирақта қалса жөн деп айтты. Бірақ осы жылдың соңына таман шетелдік әскерлердің қатары азаяды деді Ирақ президенті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG