Accessibility links

Бағдад халықаралық әуежайы қайта ашылды


Ирақ президенті Ғази Әл Яуар осы жылдың соңына таман шетелдік әскерлердің қатары азаяуы мүмкін деп айтты. Ғази Әл Яуар елде қауіпсіздік орнағанша АҚШ-тың және басқа елдердің 170 мың әскері Ирақта қалса жөн деп айтты. "Қазіргі кезде Ирақ әскері және қауіпсіздік күштері жоспар бойынша жаттығудан өтіп жатыр. Жыл соңына таман шетелдік әскерлер толық кетпеседе – олардың қатары азая түседі деп білемін", - деді Ирақ президенті. Елде аласапыран болғанда, билік орнықпай тұрған кезде шетел әскерлеріне кетіңдер деп айту орынсыз деп мәлімдеді Ирақ президенті. Жексенбіде өткен сайлаудан кейін бүгін Бағдад халықаралық әуежайы қайта ашылды, елде комендант сағат тәртібі жеңілдетілді.
XS
SM
MD
LG