Accessibility links

Еуропа ұйымының басшысы Мәскеуде сөгіс естіді


Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының кезекті төрағасы Димитрий Рупель бүгін Мәскеуде Ресей парламенті төменгі палатасы сыртқы істер комитетінің төрағасы Константин Козачевпен кездесті. Ресей өкілдері бұл халықаралық ұйым Ресейдегі сайлауларға және сепаратистік қақтығыстарға араласады деп шағым айтты, ұйым екіжүзді өлшемдермен жұмыс істеп, қақтығыстарға жол береді деді. Ресей өкілі Козачев Грузия құрамындағы Абхазияны және Әзірбайжандағы Таулы Қарабақты мысалға келтірді. Дегенмен, Итар-Тасс агенттігі бұл сипаттама жайында егжей-тегжейлі ақпарат берген жоқ.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының кезекті төрағасы Димитрий Рупель бүгін сол сияқты Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесу керек болатын. Ресей мининстрі Лавров кездесу қарсаңында пікірін білдіріп, бұл халықаралық ұйым әсіресе бұрынғы совет республикаларында қызметін объективті жүргізбейді деп сипаттады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG