Accessibility links

Грузиядағы жарылыс террорлық шабуыл деп танылды


Грузияда көлік бомбасы жарылып, кемінде үш адам қаза тапты. Мұның сыртында 13 адам жараланды. Оқиға Гори қаласында полиция орталық кеңсесінде орын алды, бұл ел астанасы Тбилисиден 80 шақырым жерде орналасқан мекен. Ішкі істер министрлгі полиция ғимараты толықтай қиратылды дейді. Ішкі істер министрінің орынбасары Георгий Барамидзе полиция шапшаң тергеуді бастап кетті, қалай болғанда да қажет шараларды іске асырамыз, мұны кім жасағанын, оларды кім жұмсағанын табамыз деді. Қорғаныс министрі Ираклий Окруашвили үкімет жарылысты террорлық шабуыл деп қабылдағанын айтты. Жауакершілікті ешкім мойнына алған жоқ.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG