Accessibility links

Қазақ-Өзбек шекарасында бұзылып жатқан үйлерге қорғаушы табылды


Өзбек оппозициясы және құқыққорғаушылар бүгін Ташкентте көшеге шығып, наразылық танытты. Олар Қазақстанмен шекара құрысу барысында бұзылып жатқан үйлердің иелеріне қаржылай өтемақы талап етеді. Өзбекстан үкіметі қауіпсіздік шараларын алға тартып, Ташкент маңындағы шекарада 40 шақты үйді құлатып жатыр, олардың көпшілігі саяжайлар. Ереуілге шыққандар бұзылып жатқан үйлердің иелеріне ешқандай өтемақы берілген жоқ дейді. Ереуілшілер бұл меншік иесі болу жайындағы адам құқықтарына қарсы дейді. Ереуіл соңында жұртпен кездескен Өзбекстан ресми өкілдері шағымдарыңызды тексере бастаймыз деп айтты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG