Accessibility links

Ауғанстандағы соңғы екі еврейдің бірі Израилде жерленеді


Ауғанстанда қайтыс болған ең соңғы екі еврейдің бірінің мүрдесі Израилде жерленбек. Бұл Исхақ Левин деген ақсақал, ол 18-шы қаңтарда 80 жасында табиғи себептерден дүние салды. Оның мүрдесі бүгін Қызыл Крест ұшағымен Ташкентке әкетілді, онда ол Израиль елшілігіне табыс етіледі. Ауғанстанда еврей қауымдастығы кезінде жайнап тұрған. Талибан үкіметі келгенде мұнда екі еврей ғана қалыпты. Оның бірі – 45 жастағы Зебулон Симентов. Бұл еврей азамат пен марқұм еврей ақсақал көрші болса да, бір бірімен тіл табыспаған екен.
XS
SM
MD
LG