Accessibility links

Ирақтағы сүннилердің лидерлері жасақталатын кез-келген үкіметтің заңдылығы күмән туғызады деп мәлімдеді


БАҒДАД: Бүгін Ирақтағы сүнни мұсылмандары Ассоциациясының жетекшілері ұлттық сайлаудың нәтижесінде жасақталатын кез-келген үкіметтің заңдылығы күмән туғызатын болады деп мәлімдеді. Өйткені, Ассоциацияның пікірінше, халықтың едәуір бөлігі мен өкілдерінің дауыс беруге қатыспауы салдарынан, олар парламентте және үкімет құрамында болмайды. Өз кезегінде Ирақтың сайлау комиссиясы кейбір сүнни басшыларының сайлауға байкот жариялауға шақыруына және экстремистер жағынан қауіп-қатердің төнуіне қарамастан, сайлаушылардың жартысынан астамы дауыс бергенін хабарлады. Сайлаудың соңғы қорытындысы бірнеше күннің ішінде жариялануға тиіс.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG