Accessibility links

Израиль премьері мен Палестина президентінің бас қосуы алдағы аптада Мысырда өтеді


ТЕЛЬ-АВИВ: Израиль премьер-министрі Ариэль Шарон өзінің Палестина президенті Махмуд Аббаспен келесі аптаның сейсенбісінде Мысырда кездесетінін хабарлады. Бұл кездесу Мысыр президенті Хосни Мүбәрәктің шақыруы бойынша өтпекші. М.Аббастың өкілі Махир Чалаби А.Шарон мен М.Аббастың кездесуі Мысырдың Қызыл теңіз жағалайындағы Шарм Әш-Шайх курортында өтетінін растады. Израиль премьері кезінде Палестинаның сол кездегі лидері Я.Арафатпен кездесуден бас тартқан болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG