Accessibility links

Жапон теңізінде суға кеткен кеменің 6 украин теңізшісі хабар-ошарсыз жоғалды


ТОКИО: Жапонияның жағалауында Мальта аралында тіркелген құрғақ жүк таситын “Аурелия” кемесі су астына кетті. Біздің тілшіміздің хабарлауынша, 16 теңізші құтқарылып, қалған 6 теңізшінің тағдыры беймәлім. Кеме командасының құрамында ресейлік теңізшілер де болды деген бастапқы ақпарат әзірше расталмады. Жапон теңізінде Ресейдің балық аулайтын “Кафор” кемесінің 5 балықшысы әлі де іздестірілуде. Бұл шараға қазір Ми-8 тікұшағы мен 3 құтқарушы кеме атсалысуда. Балықшы кемесі дүйсенбі күні суға батып, одан 2 теңізші қаза тауып, 13-і құтқарылған болатын..
XS
SM
MD
LG