Accessibility links

М.Саакашвили: “З.Жванияның өлімі мен үшін де, Грузия үшін де “ауыр соққы” болды”


ТБИЛИСИ: Грузияның ішкі істер министрі Вано Мерабишвилидің ұлттық теледидардан хабарлағанындай, бүгін таңертең ерте премьер-министрі Зураб Жвания өз досының пәтерінде газдан уланып қаза болды. Оның мәлімдеуінше, 41 жастағы үкімет басы қастандықтан өлмеген. Грузин үкіметінің бүгін Тбилисиде өткен төтенше мәжілісінде президент Михаил Саакашвили З.Жванияның өлімін өзі үшін де, ел үшін де “ауыр соққы” болды деп бағалады. Ресейлік Интерфакс агенттігінің хабарлауынша, марқұмның денесі облыс басшысының орынбасары Рауль Юсуповтың пәтерінен табылған. Зураб Жвания Э.Шеварнадзені биліктен түсірген “Мақпал төңкерісінде” көрнекті рөл атқарды.
XS
SM
MD
LG