Accessibility links

Ирақта қантөгіс жалғасуда: бүгін 2 АҚШ және 12 ирақ жауынгері оққа ұшты


БАҒДАД: Бүгін Ирақтың сүнни мұсылмандары басым тұратын Әл-Анбар өлкесінде АҚШ-тың 2 жауынгері оққа ұшты. Бағдад-Баакуба жолында АҚШ-тың соғыс базасында жұмыс істейтін 2 Ирақ азаматы қаза тапты. Киркук қаласының маңайында көтерілісшілер Ирақтың 12 жауынгерін атып өлтірді. Жексенбілік сайлауда берілген дауыстар есептелу үстінде. Бірақ Орталық сайлау комиссиясы соңғы сайлау нәтижесінің жарияланатын күнін атаудан бас тартты. Іс жүзінде сайлауға байкот жариялаған сүнни қауымы парламенттен өз санынан әлдеқайда кем орын алатын түрі бар. БҰҰ-ының Басхатшысы К.Аннан сүннилерге жаңа конституцияны дайындау мүмкіндігін беруге шақырды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG