Accessibility links

Ирақ сайлау комиссиясы бір өлкеде болған заңсыздықтар туралы шағымды тергейтінін мәлімдеді


БАҒДАД: Ирақтың сайлау комиссиясы ұлттық сайлаудың соңғы нәтижесі алдағы бірнеше күннің ішінде есептеліп болатынын хабарлады. Комиссия төрағасы Абдиль Хусеин Әл-Хиндауидің айтуынша, бүгін барлық бюллетеньннің 1.6 млн.-ы есептелген. Сайлау комиссиясы, сондай-ақ, солтүстіктегі бір өлкеде болған заңсыздықтар туралы шағымды тергейтінін мәлімдеді. Онымен қарама-қатар Ирақта қантөгіс толастамай тұр. Киркук қаласының түбінде көтерілісшілер Ирақ армиясының 12 жауынгерін атып кетті. Әл-Анбар өлкесінде АҚШ-тың 2 әскери теңізшісі оққа ұшты. Бағдад-Баакуба жолында АҚШ-тың соғыс базасында жұмыс істеген 2 Ирақ азаматы оққа ұшып, тағы 3 Ирақ азаматы жол бойындағы бомбаның жарылысынан қыршын кетті.
XS
SM
MD
LG