Accessibility links

Гүржістан бас министрі Зураб Жвания, бәлкім газга уланып мерт болған халде досының үйінен табылған


Жванияның досы Раул Юсупов та газдан уланып қаза тапты деген болжам бар. Юсупов Гүржістанның шығыс аймағындағы бір облыстың әкім орынбасары қызметінде болған. Гүржі медициналық сарапшы тобының мәлімдегеніндей Жванияның денесінде іштен де, сырттан да жарақат жоқ болып шыққан. Бүгін жұмада мәйіт түгелдей зерттеуден өтеді. Бұл арада бейсенбі күні президент Саакашвили марқұмның үкімет басылық қызметін уақынша өз мойнына алатындығын жариялады.

-Гүржістан Діни басқармасы, Жоғарығы сот төрағасы және Италиядан келетін Парламент төрағасы, сондай-ақ Гүржістан үкіметі алдында мен Үкіметтік қызмет жауапкершілігін өз міндетіме аламын деп жариялаймын, - деген президент Саакашвили.

Гүржістан Ата заңы бойынша президент 7 күн ішінде жаңа бас министрді тағайындауы тиіс. АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс ханым кеше бейсенбіде президент Саакашвилиге телефон шалып Бас министр Жванияның қазасына орай көңіл айтты. Зураб Жвания 2003 –жылы қарашадағы сайлау барысында, Гүржістандағы райхан төңкерісі кезінде, бұрыңғы президент Шеварднадзені орнынан алуда үлкен еңбек сіңіргендігі белгілі.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG