Accessibility links

Грузия премьeр-министрі Зураб Жванияның қазасына көңіл айтушылар Қазақстандағы Грузия елшілігіне келді

  • Әселім ҚАЛКЕНҚЫЗЫ

Ақпанның 4-і күні сағат 15-те Грузияның премьeр-министрі Зураб Жванияның қайтыс болуына байланысты Грузияның Астанадағы елшілігі көңіл айту кітабын ашты.

Грузияның Астаналағы елшілігі премьeр-министрі Зураб Жванияның қайтыс болуына байланысты көңіл айтып, қаралы кітапқа қолтаңба қалдырушылар үшін ақпанның төрті, жетісі және сегізі күндері ашық болады.

Ең алғашқы болып Грузия елшілігіне АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джон Ордвей мен АҚШ мемлекеттік хатшысының Еуропа мен Азия мәселері жөніндегі көмекшісінің орынбасары Лаура Кэннеди келіп көңіл айтып, қаралы кітапқа қолтаңба қалдырды. Кэннеди ханым осы рәсімнен кейін журналистерге берген сұхбатында "өзінің ұлы премьер-министрін жоғалтқан Грузия халқының қайғысына ортақтас екендігімізді білдірткім келеді" деді.

- Грузия премьер-министрі Зураб Жвания бұл елде жүргізіліп жатқан реформаларда басқарушы рөл ойнады. Ол - ұлы адам, ұлы патриотпен Вашингтонда кездескен адамдардың барлығы онымен қызметтес, достас болғанын мақтаныш тұтады. Мен білемін, АҚШ президенті Грузия елінің айбындылығын жиі атап өтеді. Грузия елінің бүгінгі бағытын қолдайды. Мен Жвания мырзаның соңында қалған бала-шағасына өзімнің сүйіспеншілігімді білдіріп, қайғысына ортақтас екендігімді айтам, - деді АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісінің орынбасары Лаура Кэннеди.

Грузияның Қазақстандағы елшісі Зураб Шургаия өз сөзінде:

- Марқұм Зураб Жванияның үкіметті басқарып тұрған кезінде қабылданған шешімдер, жоспарлар, келісім шарттар сол бағытпен жүргізілетін болады, еш өзгерістер болмайды, - деді. Сондай-ақ ол Қазақстан мен Грузия елдері арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың дами түсетіндігіне сенім білдірді.

Елші Зураб Шургаияның айтуынша, 42 жасында қайтыс болған Грузия премьер-министрі Зураб Жванияның артында жұбайы мен үш баласы қалған, балаларының ең үлкені 7-8 жаста.
XS
SM
MD
LG