Accessibility links

Юлия Тимошенко- Украинаның премьер-министрі


Украина парламенті президент Виктор Ющенко ұсынған кандидат Юлия Тимошенконы Украинаның премьер-министрі лауазымына бекітті. Тимошенконы қолдап 370 адам толық дауыс берген. Бұдан соң сөз алған жаңа ғана бекітілген бас министр Украина халқы үшін қызмет етемін деді. -Мен Украина халқының, президенттің, сіздердің ойларыңыздан шығатын боламын деп барлықтарыңызды сендіргім келеді. Маған артқан сенімдеріңізді мен өмірімдегі ең үлкен құндылық деп білемін, оған өзімнің қандай да қадамыммен нұқсан келтірмеуге тырысамын,-деді Тимошенко. Тимошенко ұлттық стратегия үшін Европа одағына мүшелікке қарай бет алу керек деп атап көрсетті. Кеше Тимошенконың кандидатурасын дауысқа салу Социалистер мен реформаторлар, ұлтшылдар арасындағы пікірқайшылықтарынан соң кейінге қалдырылған болатын. Тимошенко Ющенконы қолдағанУкраинадағы қызыл-сары төңкерістің кезінде негізгі орталық тұлға болған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG