Accessibility links

Президент Виктор Ющенко Парламенттен Тимошенконы бас министрлікке бекітуді сұрады


Украина президенті Виктор Ющенко бүгін Парламенттен өзі ұсынған кандидат Юлия Тимошенконы Укаринаның бас министрі етіп бекітуін өтінді: -Адамдар жаңа үкімет адал болады және 14 жылдан бері біздің халық көрген барлық проблеманың шешімін табады деп күтеді. Мен сіздерді олар бұл мақсаттан шығады деп сендіремін. Сондықтан да маған Конститутция берен құқты пайдалана отырып, Жоғары Раданың Юлия Тимошенконы бас министр етіп мауұлдауларыңызды сұраймын,- деген президент. Тимошенко Парламент алдында сөз сөйлеп, депутаттар пікірталастарға дейін оған сұрақтар қойды. Кеше Тимошенконың кандидатурасын дауысқа салу Социалистер мен реформаторлар, ұлтшылдар арасындағы пікірқайшылықтарынан соң кейінге қалдырылған болатын. Тимошенко Ющенконы қолдаған қызыл-сары төңкерістің кезінде негізгі орталық тұлға болған. Юлия Тимошенко бүгін Парламент сессиясы басталар алдында олар өзін Бас премьер ретінде мақұлдайтын шығар деген сенім білдірді.
XS
SM
MD
LG