Accessibility links

Британия телеарнасы Ресейдің наразы болғанына қарамастан, Басаeвпен өткізілген сұхбатты көрсеткен


Британиялық телеарна Бесландағы мектепте болған қанды қырғынның жауапкершілігін мойнына алған шешен көтерілісшілерінің басшысы Шамил Басаевпен жүргізілген сұхбатты мұндай хабар террористерге көмектесуі мүмкін деп Ресейдің қарсы болғанына қарамастан, оны эфирге шығарған. Төртінші арна хабарында Басаев көптен бері Ресейдің талап етіп отырған тұлғасы, ол Солтүстік Осетияда көпшілігі балалар болған, 330-дан астам адамды опат еткен мектеп оқиғасы сияқты көп шабуылдарды жоспарлап отыр деп айтылды. Басаев мұндай операциялар бөлектеніп кеткен Шешенстан республикасындағы хаосқа, кейбір азаматтардың жоғалып кетуіне қарсы күресу үшін қажет деп, ол жайттар үшін Ресей жауапты дегенді айтты.

Ресейдің сыртқы істер министрлігі Басаевпен сұхбатты эфирге беруді қатты сынап, ол террористерге ақпараттық қолдау береді және террормен күрес жөніндегі халықаралық шешім бұзылды дейді. Ресей бүгін Британияның сот жүйесінен бұл хабарға лайықты деген пікір талап етеміз деп айтты. Төртінші арна өз сұрақтарын Беслан оқиғасынан кейін Басаевқа делдал арқылы жолдап, одан соң алты аптадай уақыттан кейін сұхбат жазылған компакт-дискіні алғандарын айтқан. Төртінші арна Басавтың ол жауаптарды қайда жазғанын білмейміз, бірақ шамамен оның орналасқан жері Шешенстанның ішінде болуы мүмкін деген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG