Accessibility links

Ауғанстанда жоғалған ұшақтың апатқа ұшырағаны белгілі болды


Батыстың қауіпсіздік ақпарат көздері құтқарушылар Кабулдың шығыс жағында бортындағы 104 адамымен апатқа ұшыраған ұшақты тапты деп хабарлады. Тірі қалғандар жөнінде ешбір дерек айтылмаған, Ауғанстанның көлік министрі агенттік таратқан ақпаратқа түсініктеме беруден бас тартқан.

Ауғанстанның ресми өкілдері жоғалып кеткен ұшақ апатқа ұшыраған жерінен табылды деген мәліметті жоққа шығаруда. Трүкияның сыртқы істер министрлігі болса, бұл ақпараттың растығын малімдеп, мұндай деректі ауған шенеуніктерінен алдық дейді. Ұшақтың 104 жолаушысының ішінде Түркияның да бірнеше азаматы болған көрінеді.
XS
SM
MD
LG