Accessibility links

Израил мен Палестина арасындағы келіссөздер тоқтап тұр


Палестиннің лауазымды арағайыны Израил келісімгерлерімен басшылардың жоғары дәрежелі кездесуі алдында өткізіліп жатқан келіссөздер, Израилдың тұтқындарды босату жөніндегі ұсынысы қисынсыз болғандықтан тоқтап қалды деп айтқан. Палестин президенті Махмұд Аббас пен Израил бас министрі Ариел Шарон алдағы сейсенбіде Египетте кездеседі деп жоспарланған болатын. Израил бейсенбі күні шамамен 900-дей палестиндік тұтқынды босатып, Батыс жағалаудағы бес қаладан әскерлерді біртіндеп шығару жөнінде ұсыныс жасаған еді. Израилдың қауіпсіздік кабинетінің мүшесі Хайм Рамон тұтқыннан босатылатындардың бәрі төрт жылдан кем мерзімге қамалғандар және олар Израилға жасалған шабуылдарға қатысты емес адамдар деп айтқан. Палестин келісімгері Саеб Еракат Израил түрмелерінде 20 жылдан астам уақыттан бері отырғандарды босату жөнінде сұраған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG