Accessibility links

Ресей Басаевтың сұхбатын көрсеткен Британия телеарнасын айыптауда


Сыртқы істер министрлігі жариялаған мәлімдемеде мұндай хабарды беру террористерге қолдау таныту болып табылады делінген. Министрліктің баспасөз өкілі Александр Яковенко:

-Мәскеуде Британиялық төртінші арнаның белгілі террорист, кісі өлтіруші Шамил Басаевпен интервьюді таратқанын өте өкінішті жайт деп қабылдады. Біз мұны Солтүстік Кавказда әрекет етуші террористерге көрсетілген тікелей ақпараттық қолдау деп бағалаймыз,-дейді.

Сұхбатта Басаев былтыр Беслан мектебінде болған оқиғаға ұқсас шаралар жасауды ойластырғанын айтқан және ол Ресей үкіметі Шешенстанда қан төгіске барып, терроризмді жалғастырып отыр деп айыптаған. Басаев Ресеймен келісімге келу- Ресей Шешенстаннан әскерін алып кетсе ғана мүмкін болады деген.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG