Accessibility links

Шешенстан жетекшісі Басаевтың өлімі жөнінде нақты ештеңе айта алмады


Шешенстанның Кремль қолдайтын президенті бүгін көтерілісшілер көсемі Шамиль Басаевтың өлімі туралы тараған хабар турасында түсінік бере алмаған. Ресейдің Интерфакс жаңалықтар агенттігі Алу Алханов Басаев өлтірілді деген ақпаратты өтірік деп, жоққа да шығара алмады, не ол шындық деп растай да алмады деп хабарлаған. Интерфакс осы аптаның басында Грузияның сепаратистік Абхазия республикасы қауіпсіздік күштерінің шенеуніктері Басаев опат болған деген ақпаратты зерттеді деген хабар таратқан болатын-ды.

Ал Алхановтың айтқандары болса, бейсенбі күні британиялық телеарна Басаевпен жазылған интервьюді эфирге бергеннен кейін белгілі болып отыр. Аталған сұхбатты көтерілісшілер қолбасшысының көмекшілері өткен айда жазған болуы керек деген болжам бар.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG