Accessibility links

Ирақ сайлау комиссиясының мәліметіне қарағанда, өткен ұлттық сайлау натижелері бойынша осы кезге дейін 220дан астам арыз-шағым түскен


Комиссия мүшесі ал-Ламидің айтуынша Мосул қаласынан қайта саналуы тиіс бір неше қорап бюллитендер Бағдадқа алып келінген. Өзінің Радио мәлімдемесінде президент Буштың айтқанындай, Ирақ сайлауы АҚШтың қауіпсіздігі үшін тағы бір игі шара болды.

-Ирақта шынайы демократия, көрші елдермен бейбітшілік орнығып, Ирақ өзон-өзі қорғау мүмкіндігіне ие болған кезде біздің қосындарымыз өз міндетін құрметпен орындап елге қайтады, - деді АҚШ президенті.

Бұл арада кеше сайлауға қатыспаған сүннилер партиясынан бір топ қауым ата заңның жасалуына қатысатындығын білдірген.

Сайлаудан кейінгі бір апта ішінде бүлікшілдер шабуылынан кемінде 21 ирақтық және АҚШтық екі сарбаз қаза тапқан.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG