Accessibility links

Қытай халқы дәстүрлі жаңа жыл мерекесіне дайындалып жатыр


Ақпанның 9-ы күні Қытай халқы шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жыл мерекесін тойлайды. Қытай жаңа жылы – Чуньцзе, яғни "көктем мерекесі" деп аталады.

Бұл мерекеге барлық Қытай халқы ерекше мән береді. Осы күндері Алматыдағы Қазақстан республикасының ұлттық кітапханасы жанында құрылған Қытай мәдени орталығы жаңа жыл мерекесін атап өтті.

Қытай халқының асыға күтетін ең басты, ең сүйікті мейрамы – жаңа жыл мерекесі. Мейрам күні қаңтардың екінші жартысынан ақпанның тоғызына дейін тойланады. Мұны қытайлар "Чуньцзе", яғни "көктемді қарсы алу мейрамы" деп атайды. Бұл мерекеге Қытай елі ерекше мән береді екен. Бұл турасында бізге қытайтанушы, профессор Ибрахим Қашқари өз кезегінде айтқан болатын. Қытайдың үш мың жылдық тарихы бар жаңа жыл мерекесінде, арнайы мерекелік тағам тұшпара дайындалады екен.

Қытай халқы жаңа жылғы мерекеде, бір-біріне көбінесе тәтті тағамдар сыйлап, жақсы тілектер айтумен болады. Профессор Ибрихим Қашқаридің сөзіне қарағанда, осы мерекені асыға күтетіндердің бірі - балалар .

Қытай елінің Қазақстандағы елшісі Чжоу Сяопэй балалық шағында әке-шешесінің берген 5 тиыны әлі күнге дейін есінде екендігін айтады. Ал өз кезегінде қытай елшісі өз балаларына да дәстүрлі ақша сыйлаған екен. Ал қазір балаларының алды 30-дан асыпты.

Сөз соңын қытай елшісі екі елдің саяси, экономикалық және мәдени қарым-қатынастары нығайып, одан әрі дами берсін деген тілекпен бітірді.
  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG