Accessibility links

Британдық әйел Мак-Артур 42 мың шақырымдық жер шарын 71 тәулік, 14 сағат 18 минут, 35 секунд уақыт ішінде айналып шықты


Британдық әйел Эллен Мак-Артур (Ellen MacArthur) жер шарын бір сәт тоқтамай ең жылдам айналып жүзіп өткен теңізші. Кеше күн батқанда Эллен Мак-Артур 42 мың шақырымдық жер шарын 71 тәулік, 14 сағат 18 минут, 35 секунд уақыт ішінде айналып шығып, Францияның солтүстік-батысында мәрені кесіп өтті. 22.9 метрлік тримаран қайығымен ол францұз қайықшысы Френсис Джойонның рекордын бұзды. 28 жастағы Мак-Артур әбден шаршап-шалдықса да, мәреге жеткенінен соң өзін бақытты санайтынын мәлімдеді.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG