Accessibility links

Бағдадта италияндық журналист әйелді тұтқындап алып кеткен “Ислам джиһады” тобы оны таяу күндері босатады


Мысырдан келіп жеткен хабарға қарағанда, Мысырдың телекоммуникация компаниясының өткен аптада Ирақта ұрлап әкетілген 4 инженері босатылды. Мысыр теледидарына берген сұхбатында аталған компанияның басшысы осылай деп хабарлады. Өткен жексенбіде Бағдадта италияндық журналист әйелді тұтқындап алып кеткен “Ислам джиһады” тобы оны таяу күндері босататынын хабарлады. Экстремистердің мәлімдеуінше, журналисті тергеп, оның тыңшы еместігіне көз жеткізген. Әбу Мұсаб Әз-Зарқауидің тобы кем дегенде 24 кісі қаза болған кешегі екі қастандықты өз мойнына алды.
XS
SM
MD
LG