Accessibility links

Израиль бас министрі Ариель Шарон мен Палестина президенті Махмұд Аббас арасында бүгін сейсенбіде Мысырдың Қызыл теңізіндегі Курортта жоғары деңгейдегі келіссөздер болып өтті


Екі ел жетекшісі 4 жылға жалғасқан соғыс шайқастарынан кейін бейбітшілік келісімін талқылады. Соңғы сәтте алынған хабарға қарағанда, президент Аббас Израильге қарсы барлық күш көрсету әрекеттерін тоқтату жөнінде жариялады. Сондай-ақ, өз кезегінде бас министр Шарон да Палестинаға қарсы кез-келген зорлық-зомбылықты, әскери шабуылды тоқтату туралы мәлімдеді. Шарон Аббастың Палестина елін тәуелсіздікке жеткізеді деп үміттенеді. Аббас өз кезегінде Палестина халқы еркіндікке қайтадан қол жеткізеді деді. Келіссөздерде Мысыр президенті Мубaрак және Иордания патшасы Абдулла қатысты.
XS
SM
MD
LG