Accessibility links

Ирақтағы қантөгіс жалғасуда: кеше 21 адам қаза болып, 30-ға жуық кісі жараланды


Ирақ астанасында ұлттық армия қатарына шақыру орталығында кеше болған жарылыстан 21 адам қаза болып, 30-ға жуық кісі жараланды. Ирақтағы АҚШ армиясы басшылығының мәліметі бойынша, бұл жарылысты жанпидашыл лаңкес жүзеге асырды. Ал Ирақ үкіметінің хабарлауынша, әлгі орталық минаатқыштан атқыланған. Жарылысты “Әл-Қаида” ұйымымен байланысы бар бір экстремистік топ өз мойнына алып отыр. Кеше Бағдадта, сондай-ақ, көрнекті шийт саясаткеріне қастандық жасалып, одан саясаткердің екі ұлы қыршын кетті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG