Accessibility links

Косовода сербтердің ымырашыл лидерінің көлігі жарылды


БҰҰ-ы өкілдерінің хабарлауынша, Сербия-Монтенегроның Косово өлкесіндегі сербтердің ымырашыл лидері Оливер Ивановичтің Ауди маркалы автокөлігі жарылды. Жікке бөлінген Косовска-Митровице қаласының сербтер тұратын бөлігінде болған жеңіл мәшиненің жарылысынан ешкім жапа шекпеген сияқты. Жарылыс Оливер Ивановичтің үйі маңында болды. БҰҰ-ының бітімгершілік күштері жарылыс болған аумақты қоршап, тергеуге кірісті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG