Accessibility links

АҚШ-тің мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Ирақ және басқа проблемаларға байланысты дау дамайды тоқтатып, Еуропа мен АҚШ арасындағы қарым қатынастарының жаңа бағытын ашуға шақырып отыр


Еуропа жетекшілері Райстің Парижде мәлімдеген бұл ұсынысына дұрыс көзқарас байқатқандай. АҚШтың мемлекеттік хатшысы Еуропа мен АҚШ бірігіп, 21 ші ғасырда жаппай бостандық үшін бірлесе кіріскені жөн, деді.

Бұл Трансатлантик одақ үшін ерекше мүмкіндік болмақ. Егерде біз 21 ғасырда әлемдік еркіндікке қол жеткізсек, онда әділет, гүлдену, азаттық және бейбітшілікке қарай дәділ қадам басқан болар едік. Бірақ ол үшін жаппай әріптестік әрекет қажет болады, деді Кондолиза Райс ханым.

Райс өзінің Еуропалық сапарын әрі қарай Брюссельде НАТО және Еуроодақ ресмилерімен кездесумен жалғастырады.
XS
SM
MD
LG