Accessibility links

Израиль мен Палестина жетекшілері 4 жылға жалғасқан соғыс шайқастарынан кейін бейбітшілік келісімін талқылаған соң, енді ол шараларды іске асыру мәселесін қолға алмақ


Алғашқы шара ретінде, Израиль келесі аптада қамаудағы 500 палестиндікті түрмеден босатпақ. Сондай ақ Ғазадан және Батыс жағалаудан жұмысшылардың шектеулі тобын Израильге келіп жұмыс істеуіне рұқсат бермекші, және Иорданияның батыс жағындағы бес қаланы Палестина бақылауына тапсырмақшы. Палестиндік Хамас және Исламшыл әсірешіл топтары, кезінде Израильге қарсы талай шабуыл жасаған. Міне солар енді Израильдің болашақ әрекеттеріне баға береміз деп отыр. Израиль бас министрі Ариель Шарон мен Палестина президенті Махмұд Аббас арасында, кеше сейсенбіде, Шарм ал Шейхте келіссөздер өтті, бірақ ол саммитте ешқандай ресми құжатқа қол қойылған жоқ.
XS
SM
MD
LG