Accessibility links

Өзбекстандағы адам құқын қорғаушылар әйелдерден соққы жеді


Кеше Ташкентте тұтқындарды зорлауға қарсы митингі ұйымдастырған Өзбекстанның адам құқын қорғаушыларына әйелдер тобы шабуыл жасады. Шеруге шыққандардың екеуі ауруханаға жеткізілді. Құқық қорғаушы Әбдіжәлел Бойматовтың мәлімдеуінше, митингіге шыққандарды дүрелеу жарты сағат бойы жалғасқан. Бірақ оны бақылап тұрған милиция қызметкерлері араша түсуге тіпті тырыспаған. Оқиға Өзбекстан астанасының орталық алаңында болды. Өзбек үкіметі тұтқында отырғандарды жәбірледі деп жиі айыпталып келеді.
XS
SM
MD
LG