Accessibility links

Ирақта Әл-Хурра телекомпаниясының журналисі мен оның 10 жасар ұлын өлтіріп кетті


Ирақтың сайлау комиссиясы өкілінің хабарлауынша, дауыстарды қайта есептеуге байланысты сайлау қорытындысын жариялау кейінге қалдырылады. Ирақтың әр өлкесінен келген 300-ге жуық бюллетень жәшігі бейсенбіден, яғни бүгіннен бастап қайта есептелмекші. Кеше Басра қаласында бір журналист пен оның 10 жасар ұлын өлтіріп кетті. Ол АҚШ-тың қаржыландыруымен араб тілінде шығатын Әл-Хурра телекомпаниясында жұмыс істеп келген. Бағдадтың солтүстігіндегі Балад қаласында партизандар АҚШ күзетіне шабуыл жасап, 1 АҚШ жауынгері оққа ұшты және Ирақтың ішкі істер министрлігінің 1 қызметкерін ұрлап алып кетті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG