Accessibility links

ИРАН БҮГІН 1979 ЖЫЛЫ ОРЫН АЛҒАН ИСЛАМ ТӨҢКЕРІСІНІҢ 26 ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ОТЫР


Ал халықаралық қауым Иранның ядролық бағдарламасына орай қысым көрсетуде. Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары халықты көшеге шығуға шақырып, АҚШтың қоқан-лоқысына орай өз көзқарасын білдіруді ұсынды. “Америкаға - өлім! Екіжүзділік жойылсын! Израильге - өлім!”деп, өз наразылықтарын Ирандық әскери сақшылары білдіріп жатты. АҚШ Иран жасырын түрде ядролық қару жасап жатыр деп айыптап келеді. Ал, Еуропаның 3 елі - Ұлы Британия, Франция және Германия Иранмен келіссөздер өткізіп, өзінің ядролық бағдарламасынан бас тартуын талап етіп отыр. Иран өз кезегінде АҚШтың айыптауларын мойындамайды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG