Accessibility links

Ресей Қырғызстандағы соғыс базасын нығайтады


Ресейдің әскери әуе күштері қолбасшысының мәлімдеуінше, Ресей Қырғызстандағы соғыс базасын нығайтпақшы. ИТАР-ТАСС агенттігіне айтқан сөзінде генерал Владимир Михайлов Бішкектің іргесіндегі Кант әуе базасын ұшақтардың барлық түріне ықшамдау үшін оның ұшу-қону алаңы кеңейтілетінін хабарлады. Оның атап көрсетуінше, қазір Кант әуе базасында 500-ге жуық әскери мен қызметкер бар, реактивті 20 Су ұшағы, бомбалаушы және жойғыш ұшақтары шоғырландырылған. Канттағы әуе базасын Ресей 2003 жылдың қазан айында ашты.
XS
SM
MD
LG