Accessibility links

Бейсенбіде Ирақта 50-ден аса адам қаза тапты. Үкімет шекараны 5 күнге жабады


Кеше Ирақтағы көтерілісшілердің түрлі шабуылдарынан 50-ден аса адам құрбан болды. Көтерілісшілер Бағдадтан 20 шақырым жердегі полиция күзетіне тасадан шабуыл жасап, 2 сағатқа созылған атыста 14 полиция қызметкері оққа ұшып, 65-і жараланды және 4 партизан қаза болды. Бағдадта жарылған бомбадан 2 араб әйелі құрбан болды. Ирақ полициясы бір автожолдың бойынан көлік жүргізуші 20 азаматының денесін аңғарды. Ирақ үкіметі шийт мұсылмандарының Ашура мейрамының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шекараны 5 күнге жабатынын хабарлады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG