Accessibility links

Д.Рамсфелд (АҚШ): “Солтүстік Кәреяда ядролық қарудың болуы кімді болса да алаңдатуы керек”


Солтүстік Кәрея алғаш рет ядролық қару шығарғанын жариялап, Кәрея түбегіндегі ахуалды жақсарту мақсатындағы алты жақты келіссөзге қатысудан бас тартатынын мәлімдеді. Пхеньян ядролық қаруды АҚШ-тан төнген қатерден қорғану үшін керек деп түсіндірді. Оған Ұлы Британия, Германия, Ресей, Франция және басқа елдер жедел де наразы пікір білдірді. АҚШ-тың қорғаныс министрі Д.Рамсфелд “Солтүстік Кәреяда диктаторлық билік үстемдік етіп, өз халқына қарсы репрессиялық саясат ұстанып отырғанын ескере отырып, ондай елде ядролық қарудың болуы кімді болса да алаңдатуы керек” деп ескертті.
XS
SM
MD
LG