Accessibility links

АҚШ Қорғаныс министрі Рамсфельд бүгін жұмада Бағдадқа бара жатып солтүстіктегі Мосул қаласына құпия жағдайда тоқтап өтті


Бұл қаңтардың 30ындағы сайлаудан кейін Ираққа келген алғашқы АҚШтық ең жоғары мәртебелі ресми өкіл. Министрлік өкілінің айтуынша Дональд Рамсфельдтің бұл сапарынан мақсат, Ирақтағы табысты сайлау нәтижелерімен жақыннан танысу екен. Бұл арада Бағдадтағы нан зауыты алдында бетперделі қарулының шабуылынан кемінде 9 адам қаза тапты. Саңғы сәтте алынған хабарға қарағанда, Бағдадтадтан 75 шақырымдай жердегі Балад Руз қаласындағы шииттер мешіті алдында ауыр көлік бомбысы жарылып, кемінде 13 адам құрбан болған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG