Accessibility links

Солтүстік Кореяның ядролық бағдарлама бойынша АҚШпен өзара келіссөздер жүргізу жөніндегі ұсынысын АҚШ қабылдамағаннан кейін Солтүстік Кореяда шығатын газеттер ұлттық бірлікке шақырды


Родоң Синмун газетінің бас мақаласы азаматтарды президент Ким Джоң Илдің жетекшілігінде жаппай шеруге шақырды. Солтүстік Кореяның ұсынысына қарсы болған АҚШ Солтүстік Кореядағы ядролық бағдарлама мәселесін 6 ел Қытай, Ресей, Жапония, Қос Корея және АҚШтың қатысуымен келіссөздерде талқылап шешу қажет дейді. Ал ядролық қаруымыз бар деген Солтүстік Корея өткен бейсенбіде өзінің 6 жақтама келіссөзден бас тартатындығын жариялаған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG