Accessibility links

Ауғанстанда апатқа ұшыраған Боинг-737 ұшағының “қара жәшігі” табылды


Ауғанстан қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Захир Әзимидің хабарлауынша, осыдан 11 күн бұрын тау шыңына құлап, 104 жолаушысы мен ұшқыштары түгел құрбан болған Боинг-737 ұшағының “қара жәшік” деп аталатын жабдығы табылды. Жексенбіде болған ашық ауа райы Ауғанстандағы НАТО әскеріне Кабулдың шығысындағы қар басқан тау шыңына жетіп, сол жерден табылған әлгі “қара жәшікті” зерттеуіне мүмкіндік берді.
XS
SM
MD
LG