Accessibility links

Х.Р.Асефи: “Иран 15 жылдың ішінде әлемдегі ең ірі ядролық отын өндіруші елдердің бірі болуға ұмтылады”


“Ауыр суға” жұмыс істейтін ядролық реактордан бас тартып, оның орнына өзге реакторды тұрғызу туралы Еуроодақтың ұсынысын Иран қабылдамады. Ол жайында Иранның сыртқы істер министрлігінің жексенбі күні таратқан мәлімдемесінде айтылды. Онда, сондай-ақ, Иранның ядролық бағдарламасы бойынша Теһран мен Брюссельдің келіссөзінде қарама-қайшылықтардың барлығы атап көрсетіледі. Иран үкіметінің өкілі Хамид Риза Асефи: “Иран 15 жылдың ішінде әлемдегі ең ірі ядролық отын өндіруші елдердің бірі болуға ұмтылады”, -деп мәлімдеді. Ресми Вашингтонның пікірінше, Иранның ядролық бағдарламасы – ядролық қару жасауды көздейді.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG