Accessibility links

Ресми Пекин Корея түбегінің ядролық қарусыз болғанын табанды түрде қолдайды


Солтүстік Кореямен арадағы келіссөзге қатысушы Америка Құрама Штаттары мен өзге елдер Қытайды Пхеньянға деген өз ықпалын қолданып, оны келіссөзге қайта отыруға үгіттеп көруге шақырды. Қытай – Солтүстік Кәреяның соңғы одақтасы әрі осы елге азық-түлік пен энергия шикізатын экспорттаушы жалғыз ел. Қытайдың сыртқы істер министрі Ли Чжаоксингтің АҚШ мемлекеттік хатшысы К.Райс ханымға мәлімдегеніндей, ресми Пекин Корея түбегінің ядролық қарусыз болғанын табанды түрде қолдайды. Пхеньян ядролық қару өзіне АҚШ басқыншылығынан қорғану үшін қажет деп отыр. Вашингтон Солтүстік Кореяға соққы беру мүмкіндігіен жоққа шығарады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG